№112 жалпы орта мектебінде сауықтыру лагері жұмыстары жоспар бойынша
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде сауықтыру лагері жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Лагерьде алғашқы кезең бойынша бастауыш сыныптардан 3-топ құралған. Балалар күнделікті таңғы жаттығу жасап денелерін шынықтырады. Жетекшілері жоспарланған тақырып бойынша түрлі ойындар ойнатып, сурет салу, өлең айту, логикалық сұрақтар сияқты баланы жан-жақты дамытатын тәсілдерді қолданып жұмыс жүргізуде.