1- сыныпқа қабылдау басталады. » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
наурыз
2022

1- сыныпқа қабылдау басталады.

Құрметті ата-аналар! 
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-не 1- сыныпқа қабылдау басталады. 
      2018 жылғы 12 қазандағы ҚР Білім және ғылым министрінің №564 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін білім беру ұйымдарына 1-сыныпқа қабылдау басталады. 
1-сыныпқа қабылдау 5 құжат бойынша іске асырылады. 
1.Ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің өтініші. 
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі. 
3."Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны. 
4. 063/у нысаны бойынша денсаулық  жағдайы туралы анықтама. 
5. 3х4 көлеміндегі фото 2 дана. 
     Білім беру ұйымдары бірінші сыныпқа қабылдауды алты жастағы балаларға және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларға қамтамасыз етеді.
      Құжаттар "электрондық үкімет" (egov. kz)  веб-порталы арқылы қабылданады.

[
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив