21
сәуір
2022
«ӨНЕР - САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА»
«ӨНЕР - САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА»
21.04.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде оқушыларды өнер мен әсемдікке баулу арқылы жеке пәндерге қызығушылықтарын ояту мақсатындағы «ӨНЕР - САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА» атты эстетикалық пәндер онкүндігінің жоспарына сәйкес көркем еңбек пәнінен Фозилиддин Курванбаевич 7-б сыныбының ұлдар тобына “Тұрмыстық құрал-жабдықтармен электроарматураны жөндеу” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысы практикалық түрде құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізу арқылы өткізілді. Ұл балалардың қызығушылығы жоғары болып, нәтижелері сәтті шықты. Ашық сабаққа қатысқан ұстаздарымыз сабақты “өте жақсы” деп баға берді.
Алтын ұядан алған білімдері болашақта қажеттеріне жарайтынына кәміл сенеміз!




