17
май
2022
КЕЗЕКТЕГІ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
КЕЗЕКТЕГІ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
17.05.2021 күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы No 112 жалпы орта мектебінде барлық сыныптардың ортақ ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: оқушылардың білімі мен тәрбиесін жетілдіруде ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау.
Жиналысты мектеп директоры Турсынбаева Ш. Т. қарастырылатын мәселелермен таныстырып, сөз бастады.
Барлық медициналық талаптар сақталды.
Қарастырылған мәселелер:
Ата-ананың балалар алдындағы міндеті, жазғы демалысты тиімді пайдалану туралы ДТІЖО Эрметова Г. баяндама жасады.
2021-2022 оқу жылының қорытындысы, “Жазғы мектепті” ұйымдастыру туралы ДОІЖО Юлдашева З. баяндады.
Бала тәрбиесі – басты мәселе. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды», «Тәрбиенің бастауы – отбасы», «Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле, себебі, бала сенен көргенін қайталайды» деп мектеп директоры «Балаларыңыз мықты әртіс болар, ақылды ғалым болар, бірақ ең алғашқы тәрбие – сіздерден» деп жақсылыққа, игі істерге шақырды.








