“ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР” атты мектеп директорлары арасында алғаш рет қалалық дебат турнирі өтті. Біз өз басшымызбен мақтанамыз!!! » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"Б.Садықов атындағы
№112 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР” атты мектеп директорлары арасында алғаш рет қалалық дебат турнирі өтті. Біз өз басшымызбен мақтанамыз!!!
23
май
2022

“ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР” атты мектеп директорлары арасында алғаш рет қалалық дебат турнирі өтті. Біз өз басшымызбен мақтанамыз!!!

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ  ПІКІРСАЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
2022 жылы 19 мамыр күні Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы” атты жолдауын  насихаттау  мақсатында  Шымкент  қаласы  білім басқармасы әдістемелік орталығы және “1 TALANT  жалпы беру мектебі” ЖШС ұйымдастыруымен, “AMANAT” партиясы Шымкент филиалы, “125  High School”, Alpha Academy” филиалының қолдауымен “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР” атты мектеп директорлары арасында алғаш рет қалалық дебат турнирі өтті . Мақсаты “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасын іске асыру, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамыту тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті. 
Турнирге білім басқармасына қарасты 33 білім мекемесінен 17 фракция қатысып, 34 бірінші басшылар  бақтарын сынады. Ойында  қаламыздағы ЖОО студенттері және ардагер тәжірибелі пікірсайысшы педагогтер төрешілік жасады.
Турнир нәтижесінде жүлделі  I  орын  “Абайдың жүйріктері" фракциясы-Сарыбасов Асылбек Асанұлы №49 ЖОББМ, Калтаева Жамила Биртанова №73 ЖОББМ директорлары иеленсе, “Жаңашыл көшбасшы” фракциясы- Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназия директоры Абильдаева Гулназ Сайлауовна, N35 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Қарабаева Жайна Амантаевна  II орын иегері  атанды. III орынды “Жарық жұлдыздар” фракциясы- N125 жоббм директоры Умбетбаев Баглан Шереханович, N85 жоббм директоры
Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы, “Үздік талпыныс” номинациялы дипломды - “Ұтқыр алаң” фракциясы N115  ноббм директоры Асибекова Жадра Назимхановна,N102 жоббм директоры Баратов Ерали Бийжигитович қанжығасына байлады. Ал Линкольн және Дуглас форматы бойынша  турнирге қатысқан 32 директордың ішінен оқ бойы озық шыққан Ы.Алтынсарин атындағы N65 мектеп-гимназия директоры Қайыпов Алмас Серікұлы турнирдің «Ең үздік спикері» атағын жеңіп алды. Ойын барысында үздік ойын көрсеткен фракциялар арнайы номинациялы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мектеп директорларын жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін “1TALANT жалпы беру мектебі” ЖШС, “125  High School”,, “Alpha Academy” филиалына және Шымкент қаласы пікірсайысшыларына зор алғысымызды білдіреміз!!!
    N112 жалпы орта мектебінің директоры Турсынбаева Шакизат Тешебаевна да қатысып, ұшқыр ойларын сүбелі сөздермен жеткізе алды. Білім, ғылым жолында аянбай еңбек етіп жүрген Турсынбаева Ш.Т. пікірсайыста қалалық 200 мектеп директорларының арасынан суырылып шығып, алғашқы “20 үздіктер” қатарынан табылды.
Талабы жоғары, терең білімді, тілге жүйрік Турсынбаева Ш.Т.  өз көзқарасын жан-жақты дәлелдеп арнайы алғыс хатпен марапатталды. 
Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар, бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік” (Цицерон). 
    Біз өз басшымызбен мақтанамыз!!!




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив