СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МАҚСАТ! » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МАҚСАТ!
04
сәуір
2023

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МАҚСАТ!

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ МАҚСАТ!
Шымкент қаласы білім беретін мектебіне қарасты №112 жалпы орта білім беретін мектебінде сыбайлас жемқорлық әлемді алаңдатып отырған аса өзекті мәселелердің бірі ретінде қарап отыр. Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, жойылмай отырған кеселдің бірі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң  талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік  танытуымыз  қажет.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Әрбір азамат Қазақстан  Республикасының     Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Ендеше жемқорлықты жоюды мақсат еткен барлық  уәкілетті, мемлекеттік органдар заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуға міндетті. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет  атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына себеп болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік орган мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардар, ұжымдар және өзге де қызметтер заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Салауатты, таза және сау ортаның, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеуіміз керек. Ол үшін жемқорлыққа   қарсы атсалысып жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив