Оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі ережедегі оқушылар
27.04.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі ережедегі оқушылар міндеттерін орындалуын қадағалау мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді. Мектеп мобильдік тобы оқушылардың сабаққа қатысуын, тиым салынған заттар, мобильдік телефондар, оқу құралдары, күнделік дәптерлердің жүргізілуі, мектеп формасы, оқушылардың шаш үлгісі, оқу парталарының ахуалы тексерді.