Мектеп тарихы » Б.Садықов атындағы №112 негізгі орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 26-22-63
Есепші бөлімі:
+7(7252) 26-22-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2019

Мектеп тарихы

№112 Б.Садықов атындағы негізгі орта мектеп тарихы


         1947 жылы Сайрам ауылының   Қызыл Октябрь учаскесінде 4 жылдық бастауыш  мектеп құрылды. Алғаш мектепке 1947 жылда колхоз тарапынан құрылған екі бөлме ажыратылды. Оны шатыры қамыс сабықтарынан бекітіліп, сабықты Қарабұлақ және Сұлтан Рабат ауылдарынан алып келінген. Құрылысты ұста Нуриддин аға өз әкесі Идин ағамен  көп жұмыстарды атқарды. Осы мұнарада өмірінің соңына дейін бізге таныс Бабко   Александра Степановна (Шура апа) өмір сүрген.

Төрт жылдық мектеп жұмыс уақытында жеті жылдық Фрунзе атындағы (қазіргі №3 балалар интернат мектебі) орнында филиалы есептелген. Бастауыш төрт жылдық мектепте Сабақтар 2 аусымда оқытылған. 4 сыныпты аяқтаған оқушылар 5,6,7 сыныптарда оқуды Фрунзе мектебінде жалғастырған.

1948-49 жылдарда колхозға жаңа мұнара және мектеп құрылды. Бұл мүнара қазір мектептің кітапханасы және ағаш шеберханассы орналасқан. 1960 жылда мектеп жеті жылдық болды. Және Қызыл Октябрь колхозының мұнарасы мектепке берілді. 

1962-63 оқу жылында мектеп сегіз жылдық мектепке айналдырылды. 1976-77 жылдарда ленин атындағы колхоз (төрағасы Юлдашев Ниязали) мектепке  6 бөлме құрып берді. Мектебімізде ұстаздар, ұлағатты  мұғалімдер еңбек еткен. Бірінші Болып жұмыс істегендерден: Ботабаева Холича апа мектебімізде 6 жыл мұғалім болып жұмыс істеді.

Эрметов Тоғанбай аға, Мусаев Абдумомин аға, Норметов Толаган аға, Исаходжаев Султанмахмуд аға, Худайбергенов Бергенбай,Егенбаев Сейит ағалар мектебіміздің алғашқы 10 жылдықтарында жұмыс істеген мұғалімдер болып есептеледі. 4 жылдық мектепте біріншілерден болып оқуға келген: Холметова Ирисбуви, Тойчиева Хурибуви, Махаматшикова Марифат, Тойчиев Эргашвой, Худайбергенова Тожибуви, Эгамбердиев Корганбай, Эгамбердиев Уктамбой, Туйчиева Улугай, Тойчиева  Курванай, Сайдалиев Файзулла, Сидикметов Ирисмат, Режаметов Юнусмат, Режаметов Ирисмат, Қулметов Эминжон, Қодирқулов Мирза, Қодирқулов Турабек, Хайитметов Сотвалди және басқалар оқыған.  50 жылдан артық тарыхина  ие болған Қызыл Октябрь атындағы мектебімізге Худайбергенов Берганбай 1952-1954 жылдарда, Егенов Сейт аға 1958-1960 жылдарда, Ахмедов Абдурашид аға 1960-1968 жылдарда, Каримкулов Мавланқул аға 1968-1972 жылдарда, Абдулхасанов Ахмаджон аға 1972-1976 жылдарда, Бегметов Туламат аға 1976-1980 жылдарда,  Имомсаидов Зиед 1981-1985 жылдарда, Сайфиддинов Жалол аға 1985-1990 жылдарда, Мусаев Якубжон аға 1990-1992  жылдарда, Шодиметов Баходир аға 1992-1993 жылдарда   директорлық қызметін істеген. 1993 жылы Халық депуататтары Сайрам аудандық кеңесінің №13-213 қаулысымен мектепке Кеңес Одағының Батыры Ботабай Садықов  есімі берілді. 1994 жыл 11 наурыздан бастап мектебімізге Ярметов Султанияз аға жетекшілік етіп, қазіргі күнге дейін директорлық қызметін атқарады.

Мектепте Жас ұрпақты тәрбиелеуде Ачилов Тургунбай, Рахметов Азамат, Шоэргешов Шоқосим,  Мавланова Зеби, Ахмедов Ходимат, Имомрасулова Хурият, Мирсадикова Мухаррам, Шамшиметов Тохтамурат,  Султанбаева Ортугай, Ирисметов Исамат,  Бабко Григорий Иванович, Абдукадиров Тоганбай, Хожамбаев Хусанбой, Режаметов Мирахмат, Юлдашева Холбуви, Турсиметова Норбуви, Сулайманкулов Ниез, Саламетов Собиржон тағы басқа ұстаздардың білімін алып, мектебіміз түлектері арасынан шыққан оқушылар арасында инженерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, колхоз төрағалары, бухгалтерлер, механизаторлар, жүргізушілер және басқа маман иегерлері жетісіп шыққан. Қазіргі күнде олардың барлығы  халық игілігі жолында еңбек етуде.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив