" WE LEARN ENGLISH" » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қазан
2021

" WE LEARN ENGLISH"

   " WE LEARN ENGLISH"
Шымкент қаласы Білім бөліміне қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде  "We learn English" тақырыбында ағылшын тілі пәнінің  онкүндігі өз жұмысын бастады.  
15.10.2021ж.күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы барысында оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында "Үздік оқырман" атты байқауы өткізілді. Байқауға 7-"Б"сынып оқушылары Аманшиков Собиржон, Ниязкулова Сарвиноз, Асатова Согдияна, 8-"А" сынып оқушылары Абдалиева Диана, Мырзахметов Озодбек қатысып үш тілді қалай меңгергендерін көрсетіп,өздерінің ұнатқан кітаптары туралы үш тілде айтып берді.
16.10 күні "Англия еліне саяхат"атты іс-шара өтті.Мақсаты оқушыларға Англия тарихын түсіндіру.
19.10. 8-"Б" сыныбында "Happines" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
22 қазан күні З.Юлдашева "Оқуға құштар мектеп " жобасы  "10 минуттық оқу" іс шарасын ұйымдастырды. Оқушылар өздерінің сүйген ертегілерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқып, 3 тілді қалай меңгергендерін көрсетті.
9-10 сынып оқушылары арасында "Жас полиглот" викторинасы өтті.Оқушылар тіл, география, тарих пәндері бойынша өз білім деңгейлерін көрсетті.
Ағылшын тілі онкүндігі өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында 4-сыныптар аралығында "Жүзден жүйрік" атты жарысы болды. Жарыс 5-кезеңнен тұрады. Байқауларға қатысып,жарыстан  жеңімпаз болған оқушыларға алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды.
Және де, ағылшын тілі пәні бірлестігі жетекшісі Г.Мираслановаға   мектеп директоры алғыс хатымен  марапатталды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив