ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ 07.02.2022 жыл Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған 9-11 сынып арасындағы баскетбол ойынынан қалалық кезеңнің “Ұлттық мектеп лигасы” өткізілді. Барлық карантиндік талаптар қатаң сақталған сайыс өте тартысты болды. “Ұлттық мектеп лигасы” бойынша үздік ойын көрсетіп, финалға 113 ЖОББМ жолдама алды.