03
ақпан
2022
ӘБІШ ОҚУЛАРЫ
03.02.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы 112 жалпы орта мектебінің оқушылары Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын таныту және оқуға құштарлықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған “Әбіш оқулары” республикалық байқауының қалалық кезеңі бойынша жеңімпаздарды марапаттау салтанаттық кешіне шақырту алып, қатысты.
Іс-шара М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бас ғимаратындағы АКТ залында өткізілді. “Дарын” орталығы ұйымдастыруымен өткізілген конкурста орталық басшысы Джеренова Раушан Омарханқызы өз қолымен мадақтама қағаздары мен сыйлықтарды табыстады.
Мәнерлеп оқу (поэзия, проза) бойынша 9 “Б”-сынып оқушысы Аманшикова Лайло 116 мектеп ішінен II-орын иеленіп, мадақтама қағазы және Smart сағатпен марапатталды.
Сахналық көрініс кезеңі бойынша III-орынды иеленіп, 22 мектеп ішінде үздік командалық жұмыс көрсеткені үшін мектебіміздің білім алушылары мадақтама қағазы және құлаққаппен марапатталды.
Еңбегіне қарай - құрмет. Шынайы баға беріп, әділ марапаттаулар үшін “Дарын” орталығына алғысымызды айтамыз!








