23
қазан
2021
Әдістемелік күн
"Шымкент қаласы Білім бөліміне қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде 2021 жылы 16 қыркүйекте шыққан ҚР Білім және ғылым министрлігінің 472-бұйрығы бойынша, ҚМЖ жасау коучингі болды. Коучингті мектеп директорының оқу-істері жөніндегі орынбасары Исмаилова Дилдора өзінің шеберлігімен жасалған әдіс-тәсілдерімен өткізді. Мақсаты: Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақтың білімін дамытуға бағытталған қысқа мерзімді жоспарды бірлесе отырып жасау.

