11
мамыр
2022
Мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп " жобасының жоспарына сәйкес " БІР КІТАП ОҚУ" іс-шарасы жүргізілуде.
11.05.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатымен мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп " жобасының жоспарына сәйкес " БІР КІТАП ОҚУ" іс-шарасы жүргізілуде.
Іс-шара жоспарымен көркем әдебиеттер 2-10 сынып аралығындағы білім алушыларға ұсынылды.
Таңдаулы көркем әдеби шығармаларды, ертегілерді, романдарды қызыға оқи отырып, өзгелерге де баяндауда.
"Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.





