Құрметті ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер, әріптестер! » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер, әріптестер!
23
сәуір
2024

Құрметті ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер, әріптестер!

Құрметті ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер, әріптестер! 
     Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі,  2024 жылы  1 мамыр, 7 мамыр, 9 мамыр мерекелері және соңғы қоңырау салтанатты жиынының, мектеп бітіру кешінің  өткізілу тәртібі бойынша ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, табиғатқа  саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертеді!
      Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында: 
   мектепке бітіруші түлек ретінде 4 және 9 сынып жетекшілеріне  сыйлық бермеу;
    мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен сыйлықтар беруге тыйым салу;
    бірыңғай мектеп формасын кию;
     соңғы қоңырауда көлікте серуендеуге тыйым салу;
     кафе, мейрамханаларда  отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша  жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау  керек екендігін естеріңізге салғымыз келеді!
    Мемлекеттік емтихан  кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін ескертеміз!
       Жоғарыда аталған жайттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында түрлі себептермен ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынатындығын хабарлаймыз!
      Оқушылардың әрбір жеткен жетістігі -ұстаз үшін ең қымбат сый  деп білеміз.
Баршаңызға құрметіміз ерекше!
    Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Турсынбаева Шакизат Тешебаевна
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив