26
сәуір
2022
“1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ”
“1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ”
26.04.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы No 112 жалпы орта мектебінде оқушыларды өнер мен әсемдікке баулу арқылы жеке пәндерге қызығушылықтарын ояту мақсатындағы «ӨНЕР - ТАУСЫЛМАС ҚАЗЫНА» атты эстетикалық пәндер онкүндігінің жоспарына сәйкес “1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ” тақырыбында жас суретшілердің көше жолына сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Байқау бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілді. Тақырып негізінде күн, аспан, киелі рәміздер бейнеленіп көше жолы әдемі көрініске бөленді.
Оқушыларымыз үшін де эстетикаға толы ерекше күн болды.



