28
сәуір
2022
28.04.2022 күні “ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының” ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді
28.04.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде АЙТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат беру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету, АЙТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында “ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының” ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 8-10 сынып аралығындағы оқушылар мен ұстаздар қатысып, қауіпті аурудың белгілері, тарихы, таралуы, алдын алу шаралары туралы толық ақпарат ала білді.
Білім алушыларымыздың денсаулығы біз үшін бірінші орында!



