"ЖАС ТҮЛЕК-2022: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕҢІ" » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"Б.Садықов атындағы
№112 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2022

"ЖАС ТҮЛЕК-2022: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕҢІ"

"ЖАС ТҮЛЕК-2022: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕҢІ"
25.05.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы No 112 жалпы орта мектебінде қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы кезең. Оқушылар сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалыстарына шығарып салатын мереке 5-10 сыныптар арасында «СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!» тақырыбымен іс-шара ретінде өткізілді.
    Іс-шарада әсем әуен мен бітіруші түлектердің мың бұралған билері, мектеп қабырғасындағы ұстаздарына деген ыстық ықыластары айтылып, 20,30,40 жылдық түлектер де келіп өз тілектерін жаудырды. Мектебімізде орта сыныпты бітіруші сыныптардың жалпы саны - 2. Өмір жолының келесі баспалдағына өткен жеткіншектерге сәттілік тілейміз!
    5-10 сынып аралығындағы үздік оқушылар мен “Үздік мұғалім”, “Үздік бірлестік”,, “Белсенді мұғалім”, “Үздік дебатшылар”, “Үздік театр өнерпаздары” алғыс хаттарымен және олимпиада, қоғамдық-мәдени жұмыстарда белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Бірқатары заттай және қаржылай сыйлықтарды иеленді.
   Кеш қонақтары “Қамқоршылық кеңесінің” төрағасы Ашурметов Ғайратжон мен ардагер ұстаз Ярметов Султанияз мектепке 1 жыл ғана басшылық етіп, ұжымымен біршама жетістіктерге жеткен директоры Турсынбаева Шакизат Тешебаевнаға алғыс білдіріп, өз қошеметтерін көрсетті.
    Жеңісті де жемісті оқу жылында жеткен жетістіктеріміз аз емес! Дарынды оқушылар мен талапты, білімді ұстаздарымызға мың алғыс!
   Соңғы қоңырау үні – бозбала мен бойжеткендердi арман биіктеріне ұшырып, үлкен өмір мектебіне шығарып салды.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив