31
май
2022
10-сынып оқушыларына 5 күн бойы оқу дала жиыны ұйымдастырылып, жабылу салтанаты өткізілді.
31.05.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатымен 10-сынып оқушыларына 5 күн бойы оқу дала жиыны ұйымдастырылып, жабылу салтанаты өткізілді.
Мектебіміздің 10-сынып оқушылары (ер балалар) алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Х. Турдиматов жетекшілігімен оқу-далалық ойындар ұйымдастырылды. Ер балалардың тактикалық, саптық және атыс дайындықтарының практикалық дағдыларына, ату қаруларының материалдық бөлшектерін тәжірибе жүзінде көруге ерекше назар аударылды!
Қыз балаларға мектеп мейірбикесі М. Ашурметова түрлі жағдайларда алғашқы көмек көрсетуді үйретті.
Жабылу салтанатында мектеп директоры Турсынбаева Ш.Т. сөз сөйлеп, оқушылардың жетістіктеріне оң бағасын берді. Ұлтты қорғайтын жас ұландар үйренген жаттығуларын көрсетіп, патриоттық ән айтылып, би биленді.
Сап түзеп ел қорғауға дайын сарбаз ұландар әскери ант қабылдады.





