«ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2022» » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
"Б.Садықов атындағы
№112 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
май
2022

«ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2022»

«ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2022»
30.05.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы No 112 жалпы орта мектебінде жас мамандардың кәсіби беделін көтеру, шығармашыл педагогтарды қолдау мақсатында мектепішілік «ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2022» байқауы өткізілді.
   Барлығы 5 бөлімнен тұратын байқауда 4 жас маман өзара бақ сынасты.
  Байқау шартына сәйкес қатысушылар “Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз” тақырыбында эссе
жазып, тест тапсырды. 
   Сайыс одан әрі “Таныстыру”, “Ситуациялық сұрақ”, “Менің мектептегі өмірім” кезеңдері бойынша өткізілді. Мектеп ұстаздары көрермен болып, жас мамандарға барынша қолдау білдіріп отырды. 
    Барлық кезеңде ерекше көзге түсіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылып, бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Миркурбанова Донохон иеленді. 
 І орын - логопед-мұғалім Махаматисакова Г.,
ІІ орын - қазақ т. мен әдебиеті пәні мұғалімі Дариева А.,
III орын - Юлдашева Д. иеленді
   Барлық сайысқа қатысқан жас мамандарымызды зор еңбектері үшін, өздерін білікті де білімді маман ретінде көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. 
    Сайысты ұйымдастырушы мектеп әкімшілігі мен төрелік еткен ұстаздарымызға үлкен рақмет айтқымыз келеді!
    Мектеп директоры Турсынбаева Ш.Т. сайысты қорытындылап, өз тілегін айтып сайыскерлерді мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтарды табыстады.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив