28
маусым
2022
1-4 сынып оқушылары «1 маусым - балаларды қорғау күніне» орай қалалық циркке барып, қойылым тамашалап қайтты.
28.05.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары «1 маусым - балаларды қорғау күніне» орай қалалық циркке барып, қойылым тамашалап қайтты. Жалпы саны 250 оқушы жауапты тәлімгерлердің қарауында болды.
Бүлдіршіндер ертегілер әлеміне саяхат жасап, артистердің өнеріне тәнті болды. Цирк өнеріндегі барлық жанрларды біріктірген бұл қойылымда әуе гимнастары, көңілді клоундар, үйретілген жануарлар көрермендерді өз өнерімен тамсандырды.





