03
июнь
2022
«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне
"МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ"
03.06.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінде «4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді.
Әнұранмен басталған іс-шарада жазғы мектеп, лагерьдегі оқушыларға бейнероликтер көрсетілді.
Кез келген елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын басты құндылықтары болады. Ол – елдің шекарасы, астанасы және Мемлекеттік Рәміздері. Елтаңба мен Көк Туға, Гимнге тағзым – тарихқа тағзым. Өйткені, мемлекеттік белгілеріміз – елдің құты, ырыс-қасиеті.





