ІЗГІЛІКТЕ ЖАРЫСАЙЫҚ » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
тамыз
2022

ІЗГІЛІКТЕ ЖАРЫСАЙЫҚ

ІЗГІЛІКТЕ ЖАРЫСАЙЫҚ
Бүгін, "Сайрам" мәдениет үйінде «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы өз жалғасын тапты. Шымкент қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі, "Amanat" партиясы, Қаратау аудандық филиалының
"Испиджаб" БПҰ төрағасы Тахирбек Нишанбаев Қаратау ауданына қарасты 30 отбасының баласына оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмке сыйға тартты. Шараға   аудандық партия белсенділері, ата-аналар қатысты.Көнцерттік бағдарламамен жалғасын тапқан іс-шара, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 
2010 жылдың тамыз айында іске қосылған акция дәстүрлі түрде «Бақытты отбасы» жобасы аясында өткізіледі. Мақсаты -  өмірлік қиын жағдайдағы балаларды: мүгедек балаларды, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, көп балалы және толық емес отбасыларда, мүмкіндігі шектеулі отбасыларда тәрбиеленетін балаларды қолдау бойынша мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының және бизнес-қауымдастықтың күш-жігерін шоғырландыру.
Нәтижесінде жастардың қайырымдылық іс-шараларға қатысуы олардың мұқтаж азаматтардың мәселелерін шешуге бағытталған осындай іс-шараларды ұйымдастыруға қызығушылығын арттырады, сонымен қатар қоғамның игілігі үшін игі істер жасауға ынталандырады.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив