08
тамыз
2022
8-тамыз күні РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ аясында ұйымдастырылған “ Бастауыш мектептегі құндылыққа бағытталған білім беру” тақырыбында өткізілген панельдік секцияға онлайн трансляциясы арқылы қатысып отырды.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып ұстаздары 8-тамыз күні РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ аясында ұйымдастырылған “ Бастауыш мектептегі құндылыққа бағытталған білім беру” тақырыбында өткізілген панельдік секцияға онлайн трансляциясы арқылы қатысып отырды. Пленарлық отырысқа қатысқан ұстаздарымыз жаңа оқу жылындағы бірқатар жаңалықтармен танысты.
Дәстүрге айналған тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», – деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға.



