06
шілде
2022
“ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА-ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ"
“ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА-ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ"
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінің жас маманы, жаңа Қазақстанның заманауи білікті әрі білімді ұстазы ИРИСТАЕВ БАХРОМЖОН қалалық “Дарын орталығы” ұйымдастыруымен өткізілген “ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА-ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ” республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысып жүлделі 2-орынды иеленді.
Жас педагог қызметкерлердің әлеуетін арттыру және білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған сайыста қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жалпы саны 17 жас маман бақ сынаған.
Мектебіміздің мақтанышы Иристаев Бахромжон әр сабағына ерекше көңіл аударып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өткізеді. Қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысып жүрген ұстазымызға ертеңгі ұрпақтың бүгінгі білім жолындағы тағдырын тапсыруға болатыны анық.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, білікті ұстаз – әр ортада бағалы. Білікті ұстаз әрі талантты болса, онда білім ордасының бағы жанғаны.
