30
тамыз
2022
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Құрметті әріптестер, ата аналар, Сіздерді бүгінгі біздің еліміздің Ата Заңы - Конституция күнімен құттықтаймын.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Ізгі тілекпен №112 Б.Садықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Турсынбаева Шакизат Тешебаевна
