22
қазан
2022
ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ САЯХАТ


Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектепте 19 қазанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің 2022 жылғы 10 қазандағы 15-2/516-4 хатына сәйкес, Респука күнін мерекелеу жөніндегі іс-шараға байланысты оқушылардың қазақ еліне саяхат жасау арқылы қазақ елі, өнері, қалалары туралы ой - өрісін кеңейту,отанын сүюге тәрбиелеу, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, топта бірлесе жұмыс істеуге үйрету,оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау, ұйымшыл болуға баулу мақсатында, 1-4, 5-8, 9-11 сыныптар арасында "Қазақ еліне саяхат" атты сынып сағаттары өтілді . Мұғалімдер арнайы көрнекілік, слайдтармен, сонымен қатар оқушыларды дайындап жоғары деңгейде өтіп шықты.






