«ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
21
желтоқсан
2022

«ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Шымкент  қаласы білім басқармасының Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін   мектепте ағымдағы жылдың 15-ші желтоқсан күні  тәуелсіздіктің 31 жылдығы және алтын ұяның 75 жылдығына орай Шымкент  қаласы білім  басқармасының Әдістемелік орталығы мен Қосымша білім беру оқу салалық орталығының қолдауымен, 
«ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:Оқытуда инновациялық технологияларды жан-жақты қолдану арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету, түрлі әдістемелерді пайдаланудың озық тәжірибелерін насихаттау, оларды жетілдіру туралы пікір алмасу, одан әрі жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін анықтау.
Семинардың міндеттері:
1. Талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу жолдарын қарастыру, оларды өсіру, әр оқушының қабілетін танып білу
2. Мектепте білім берудің инновациялық технологиялары мен әдістемелерін тиімді пайдалану туралы пікір алмасу
3. Мектепте білім берудің жаңа мүмкіндіктерін іздену, әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдары (мектептер, жоғары оқу орындары, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттары мен педагогикалық шеберлік орталықтары) ынтымақтастығының жаңа тетіктерін анықтау.
Семинар қатысушылары:жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагог қызметкерлері, білім беруді басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар.
Сондай-ақ,аталмыш семинарда оқу бағыты бойынша да көптеген жұмыстар жүргізілді.Оны 2 бөлімге бөліп қарастырдық.
Семинардың алғашқы кезеңінде өзге білім ошақтарынан келген әріптестерге Кеңес Одағының батыры Ботабай Садықовқа арналған көрме залы таныстырылды. Ондағы қайсарлықтың иісі сіңген жәдігерлерді тамашалай отырып, ерекше күйге бөленген ұстаздар әрі қарай мектеп қабырғасындағы сыныптарды аралап, оқушылардың білім алуына қажетті барлық жағдай жасалғанына куә болды. 
 I-бөлімде тренинг, коучинг өткізілді. Атап айтар болсақ,Тренер-мұғалім Индира Ибрагим
 «Жас мамандармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары» атты тақырыпта коучинг,ал информатика пәні мұғалімі Ходжахметов Сухраб “Сабақтарда электронды ресурстарды пайдалану” атты тақырыпта тренинг,келесі кезекте мектеп тренері, ДОІЖО Юлдашева Зилола  «Lesson Study – білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі» атты тақырыпта тренинг өткізді. 
Тренинг, коучингке өзге білім ошақтарының жас мамандары қатысты. Олар электронды ресурстарды пайдалану жолдарын үйреніп, көптеген тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеріп, міндетті практика жүзінде өз сабағымызда қолданатын боламыз деген пікір білдірді. Жас мамандар үшін коучинг, тренинг сабақтар өте қызықты, әрі пайдалы болды. 
II-бөлімде мектебіміздің тәжірибелі, озат ойлы мұғалімдері ашық сабақ өтті. 
Атап айтар болсақ: Хайитметова Шахноза – бастауыш сынып мұғалімі, Мирфайзиева Нилуфар – өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, Әлібай Айшолпан – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, Турсиметова Нозила- география пәні мұғалімі, Мирхаджиева Гулмира – тарих пәні мұғалімі, Ходжахметова Дилноза – биология пәні мұғалімі, Исаметова Мохира – бастауыш сынып мұғалімі, 
Мирхайдарова Бахтхон – бастауыш сынып мұғалімі , Хасанова Гулмирахан – орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, 
Джумабаева Зилола – математика пәні мұғалімі, Қарақожа Мадина – физика пәні, Тойчибаева Насиба – биология пәні мұғалімі. 
Хаджметов Хусан - ағылшын тілі пәні мұғалімі, Бахром Иристоев- қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі шебер сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында ұстаздар жаңа әдіс-тәсілдер қолданылып,оқушыны сабаққа қызықтырудың тиімді жолдарын көрсетіп берді.
Ашық сабаққа Шымкент қаласының көптеген мектептерінен мұғалімдер келді. Келген әріптестер ашық сабаққа кері байланыс жасап, оң пікір білдірді. Әрбір мұғалім тақырыпты ашып, сабаққа қойған мақсаттарына жете білді.Сабаққа қатысқан пән әдіскерлері оқушылар сабақта белсенділік танытты,өздерін көрсете білді деген шынайы пікір қалдырды.
Сонымен қатар семинарда тәрбие бағыты бойынша көптеген іс-шаралар жүргізілді.Атап айтар болсақ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап – рухани әлем», «Әжемнің ертегілері»тақырыптарында бастауыш сынып оқушыларына cowering кабинетінде ертегі оқылды.Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы сол ертегілерді соңынан түсініп,баяндауынан байқалды. 
Келесі кезекте Отансүйгіштік қасиеттерімен 6-7 сынып оқушылары ант қабылдап, салтанатты түрде “Жас сарбаз” сыныбына қабылданды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Турдиматов Хурмат, қалалық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері Нұсқабаев Бақытжан оқушыларға арнайы “Жас сарбаз" куәлігін табыстады. 
Сондай-ақ «Жас дебатшылар» клубының қазақ фракциясы тартысқа толы дебат өткізді.Екі фракцияда бір-бірінен қалыспай,жалынды қарсылықтар білдіре мектебіміздің 75 жылда жеткен жетістіктерін баяндады. Келген қонақтар өз ойларын қосып, тамаша ойын болғандығын айта отыра, келесі ойындарға сәттілік тіледі. 
Семинар соңы “Тарихқа тағзым!”  атты әдеби-музыкалық кешпен  аяқталды.“Театр-ғажайып әлемі” жобасы аясында “Таңшолпан” театры қазақ хандығынан бастап, тәуелсіз Қазақстанға дейінгі кезеңді қойылым арқылы көрсетті.Кеш мың бұралған биші қыздарымыздың қазақша биімен ашылып, әрмен қарай хор, ән айтылып өз жалғасын тапты. Патриоттық сезімге толы болған әдеби-музыкалық кеш көрермендердің жүрегіне жетіп, рухани азық алып қайтты. 
Семинар соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Жарқынай Арысбаева сөз алып, барлық мұғалімдер өте жақсы деңгейде сабақ өткенін айтып, бүкіл N112 мектеп ұжымына алғыс білдірді. Сондай-ақ ашық сабақ, тренинг, коучинг өткізген мұғалімдерді мадақтамамен марапаттады.
Қортындылай келе, семинар өте жоғарғы деңгейде өтті.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Nelson Craney
6 Наурыз 2023 18:00
Hi, Are you still using shymkent-mektebi.kz ? Just like me, you don't write enough new articles. https://bit.ly/3Jyhr88 If you want more money you need new articles every month. I know it is hard to write. But with this tool it only takes 3 minutes to write a great article. Think about how much more money you will make. https://bit.ly/3Jyhr88 You'll thank me later... Cheers, Nelson