01
ақпан
2023
1 ақпан күні Ходжахметов Сухраб 7-"Б" сыныбында "Тармақталған алгоритмдерді программалау " атты тақырыпта информатика пәнінен ашық сабақ өтті.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінде 25.01.2023-03.02.2023 күндері аралығында өткізілетін математика, физика, информатика пәндері бірлестігінің «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты онкүндікке арналған іс-шаралар жоспарына сай ағымдағы жылдың 1 ақпан күні Ходжахметов Сухраб 7-"Б" сыныбында "Тармақталған алгоритмдерді программалау " атты тақырыпта информатика пәнінен ашық сабақ өтті.Сабақ барысындағы тапсырмалар liveworksheets, learningapps.org бағдарламалары арқылы жасалып,оқушылар аса қызығушылықпен орындады.Сонымен қатар python да бағдарлама кодтарын жазып шықты.
Сабақ мақсаты: Python программалау тілінде тармақталған алгоритмді жазу.



