26
мамыр
2023
"МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН"










Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінде
“Мейірім-жүректен” атты айлық жоспары негізінде 26 мамыр күні Мектеп парламентінің "Достық"еріктілер командасы зейнеткер Турсиметова Манзура апаның үйіне барып,үй жұмыстарына көмектесіп қайтты.Манзура апай ұлын ұяға,қызын қыяға қондырған көп балалы ана,жұбайы қайтыс болған соң жалғыз қалды...
Ата-бабамыз ежелден жесірін қаңғытпай,жетімін жылатпай өсірген халық.Біреуге қол ұшын созып,көмек көрсету біздің қанымызда бар.Қайрымды болу ұлтқа,дінге,тілге байланысты емес.Ең бастысы,жасаған жақсылық "ЖҮРЕКТЕН-ЖҮРЕККЕ" жетсе болғаны.Мектеп парламенті мүшелері "Жақсылық жасап жарысайық" ұранымен мөлтек аудандағы әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіп келеді.
"Ерікті болу-ерлік пен тең".Әр бір Қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса,алынбайтын асу жоқ.
АЛҒА"ДОСТЫҚ"командасы






