"Тәуелсіздік символы-Мемлекеттік рәміздер" » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздік символы-Мемлекеттік рәміздер"
04
маусым
2023

"Тәуелсіздік символы-Мемлекеттік рәміздер"

"Тәуелсіздік символы-Мемлекеттік рәміздер"
    1992 жылғы 4 маусымда елімізде тұңғыш рет тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер, яғни Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады.
   Бүгінгі тарихи мереке құтты болсын Қазақ Елі!!!
Конституциялық заңға сәйкес мемлекеттік рәміздер, яғни Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттің айрықша белгілері.
Қазақстандық мемлекеттік рәміздердің мемлекеттік және этникалық бірегейлікті білдіретін түрлі мән-мазмұны бар.
Елтаңба,Ту және Әнұраным,
Өздеріңмен қашанда бағым, арым.
Астанада Саммитті өткізген соң,
Қазақстан өзіңе табынамын.
Қуаныш,нұр көңілге құйылдырып,
Жүрсін елім әлемді сүйіндіріп.
Әнұраным асқақтап жер бетінде,
Желбіресе екен тек туым биік.
Егемен ел боп бақ орнап,
Құрғады жас та жанардан.
Астанаға айшық беріп тұр,
Еңсесі биік Ақ ордам.
Шаттанғын,қазақ,шаттанғын,
Атқаны үшін ақ таңның.
Босқын боп келген қанша ұлтты,
Ажалдан аман ап қалдың.
Тәуелсіздікті таңдаған,
Айтылсын әсем арман -ән.
Қазақтың туы көгілдір,
Қыран боп көкте самғаған.
                  Гүлсана Тілеубекова
350837961_265006166179564_4390230243153385883_n.mp4 [3,32 Mb] (cкачиваний: 0)
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив