07
желтоқсан
2023
"Ұлттық мектеп лигасы"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы №112 жалпы білім беретін мектебінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортқа қызығушылықты арттыру мақсатымен №110 мектеп қабырғасында "Ұлттық мектеп лигасы" бойынша 7-8 сыныптар арасында кіші футболдан іріктеу жарыстары өткізілді.
Жарысқа №110, 113, 112 және мектеп оқушыларының командалары қатысты. Бар өнерлері мен қабілеттерін аямай төккен сайыс нәтижесінде:
1-орын - №112 мектеп,
2-орын - №113 мектеп
3-орын - №110 мектеп иеленді.
Аталмыш іс-шара өз дәрежесінде қызықты ұйымдастырылды.




