11
желтоқсан
2023
«Біз зорлық- зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді.
11 желтоқсан күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінде балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтың алдын алу және олардың құқығын қорғау, әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарына және «Зорлық-зомбылыққа 16 күн белсенділік» акциясы шеңберінде «Біз зорлық- зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 1-11 сынып ата-аналар кеңестерінің төрағалары, төбе би Сативалдиев Б, Сайрам елді мекенінің төбе биі Толаметов Х, жастар үйімі жетекшісі Шамирзаев А, Сайрам елді мекені бойынша ата-аналар кеңесі төрағасы Т. Адилметов, ардагерлер кеңесі төрағасы Абдазимов А,зейнеткер ұстаз С.Ярметов,Сайрам елді мекені полиция бөлімі басшысы Хасанов Ш,орам басшылары қатысты.














