АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ Алғыс айту күні еліміздің азаматтары қазақ халқына алғыс айтуымен қатар баршамыздың өз ата-анамызға, бауырларымызға да қала берсе барша отандастарымызға алғыс білдіретін күн екенін ұмытпайық! 1 наурыз – мереке достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын дәлелі. Баршамызға ортақ ел мен жерді сүйіп, құрметтеуге серпін бермек. Олай болса, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерейлі мереке құтты болсын!