12.03 күні мектебімізде "Ашық есік" күні ұйымдастырылған сәтте
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 ЖОББМ 12.03 күні мектебімізде "Ашық есік" күні ұйымдастырылған сәтте ата-аналар тарапынан БРАКЕРАЖДЫҚ КОМИССИЯ асханаға дәстүрлі тексеру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларымыздың тамақтанып жатқан сәтін бақылап, жеке сұқбаттаса алды. Нәтижесінде, асханада дайындалатын тағамдардың талапқа сай екендігі, қосымша дәруменге толы жемістер мен тәттілер де берілетіндігі, жас бүлдіршіндеріміздің көңілінен шығатындығы анықталды.