24
мамыр
2024
"АЛҒА , ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №112 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі бастапқы әскері дайындық қағидаларын бекіту туралы" N 347 бұйрығына сәйкес, Оқу- дала жиыны курсы ағымдағы жылдың 20-24 мамыр күні аралығында мектептің 10- сынып оқушыларына ұл балдарға әскери практикалық спорттық; қыз балдар үшін дәрігерлік көмек практикасы бағытында сағат 14:00-19:30 аралығында ұйымдастырылды.Оқу- дала жиыны кезінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылауға алынып,, санитарлық талаптарын сақталып, оқу - дала жиыны жұмыстары мектебіміздің Алғашқы әскері және технологиялық дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушысы Хурмат Турдиматов және медбике Минаввар Ашурметовалар тарапынан талапқа сай орындалды.
АӘжТД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіріп, болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, жас сарбаздарды елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу мақсатында№112ЖОББМ
10 сынып ер балаларына 5 күндік оқу-дала жиыны өткізілді
Оқу-дала жиыны жастарға тактикалық дайындық, атыс дайындығы, саптық дайындығы, әскери топография жөнінде практикалық сабақтар өткізілді.
Бүгін осы оқу-дала жиынының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. 5 күндік барысында көзге түскен белсенді жас сарбаздар марапатталды!
"АЛҒА , ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ"
https://www.facebook.com/100033431800702/videos/pcb.1151565015967881/1145993789979010