Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Дені сау ұрпақ-ел болашағы" тақырыбында волейбол жарысы » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Дені сау ұрпақ-ел болашағы" тақырыбында волейбол жарысы
04
қараша
2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Дені сау ұрпақ-ел болашағы" тақырыбында волейбол жарысы

03.11.2021 күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы No 112 жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Дені сау ұрпақ-ел болашағы" атты  АӘД пәнінің жетекшісі Х.Турдиматовтың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт арқылы қоғамды белсенділікке шақыру.  Жарысқа мектеп қызметкерлерінен  "Бүркіт" командасы," Барыс" командасы, "Бірлік" және "Сұңқар" командалары қатысты.Жарысқа қатысқан команда намысы үшін барын салып, белсенділік таныта білді. Жарыстың қорытындысы бойынша "Бүркіт" командасы 1-орын. 
"Бірлік" командасы 2-орынға, 
"Барыс" командасы 3-орынға ие болды. Жеңімпаз  командалар мектеп әкімшілігі тарапынан кубок, грамоталармен марапатталды. Жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы сайыстарда да зор жетістіктерге жетіп, жеңіс тұғырынан көріне берсін демекпіз!








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив