31
қаңтар
2024
ӘЖЕЛЕР КЕҢЕСІ
ӘЖЕЛЕР КЕҢЕСІ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б. Садықов атындағы №112 ЖОББМ
"ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН" жобасы аясында "Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" тақырыбында еліне ерен еңбегімен сыйлы ардагер ұстаздар, ел аналарымен жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың бойындағы нәзіктік, парасаттылық, имандылық қасиеттерін арттыру.
Құндылықтар: патриоттық, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Сайрам елді-мекенінің "Әйелдер кеңесі" төрайымы Имамсидикова Н. бастаған топта Ахмедова Н., Пратова С., Ирисметова К. сынды көреген дана аналар қыздарға "Телефонның зияны", "Тазалық", "Мәдениеттілік" тақырыбында өсиеттерін айтты.