15
желтоқсан
2021
15.12.2021 күні «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді
"ТӘУЕЛСІЗДІК-МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ!"
15.12.2021 күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Іс-шара басында еліміздің туы кіргізіліп, мектеп директоры Т.Ш.Турсынбаеваның құттықтау сөзімен басталды.
Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қалалық, мектепішілік жетістіктері үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тәуелсіздікке арналған көрініс, бейнематериал көрсетіліп 30 жылда еліміздің жеткен жетістіктері баяндалды. Мың бұралған биші қыздарымыз би билеп, патриоттық әндер шырқалды.
Іс-шараны өзін-өзі басқару ұйымы “Мәдениет және өнер фракциясы” және ДТІЖО Г.Эрметова, М.Адилметов, тәлімгер Ш.Нуржанова мен тарих, география пәні бірлестігі ұйымдастырды.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!