01
июнь
2022
“1 МАУСЫМ - БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ”
“1 МАУСЫМ - БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ”
01.06.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы No 112 жалпы орта мектебінде балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету, бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу мақсатымен “1 МАУСЫМ - БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ”
арналған түрлі шаралар ұйымдастырылды.
Асфальт бетіне сурет салу, сурет, қолөнер көрмесі, спорттық ойындар өткізіліп, жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға сыйлықтар таратылды.
Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!







