06
шілде
2022
“ДАРЫН” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген 5-9 сынып аралығындағы “ТАРИХ АТА” қашықтық олимпиадасына қатысып, өз білімдерін ортаға салды.
06.07.2022ж Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектебінің оқушылары “ДАРЫН” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген 5-9 сынып аралығындағы “ТАРИХ АТА” қашықтық олимпиадасына қатысып, өз білімдерін ортаға салды.
Теңіздей терең білімдерін тізгіндеп, көптің ішінен көріне білген оқушыларымыз да аз емес.
Орын алған оқушылар:
I орын - Искандарова Нафиса;
II орын - Тургумбеков Руслан;
III орын - Закиржанова Насиба;
II орын - Султаниязова Ширин иеленді.
Білімімен көзге түскен оқушыларымыздың алар асулары әлі алда. Біз сендермен мақтанамыз!!!



