HR-Process кадрларды іріктеу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық талдамалық жүйесі ашықтықты қамтамасыз етіп отыр. » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » HR-Process кадрларды іріктеу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық талдамалық жүйесі ашықтықты қамтамасыз етіп отыр.
30
тамыз
2022

HR-Process кадрларды іріктеу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық талдамалық жүйесі ашықтықты қамтамасыз етіп отыр.

Шымкент қалалық білім басқармасы педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа форматтағы  конкурсымен, нақты талаптарымен ашықтықты жария етіп келеді. Ал бұл, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, яғни қызметке кәсіби біліктілігіне сай әділ тағайындауға жол ашады. Осы мақсатта HR-Process кадрларды іріктеу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық талдамалық жүйесі ашықтықты қамтамасыз етіп отыр. 
Шымкент қаласынының білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы  №112 жалпы орта мектебіне тарих пәні бойынша https://www.hr-process.kz/ cайтына конкурсқа өтініш жазып, бағалау парағы бойынша әрбір критерийге сай барлық жетістіктерімнің нәтижелерін (ЖОО туралы диплом, ЖООК магистрлік білім, біліктілік санаты, 3 авторлық бағдарлама, облыс және Республика көлеміндегі мадақтамаларымды әдістемелік нұсқаулықтарды т.б.), еңбек кітапшасын, біліктілікті арттыру курстарынан өткен сертификаттарымды (халықаралық дәрежедегі  тренер, жаңартылған білім мазмұны бойынша тренер, «Тарих» пәні бойынша біліктілікті арттыру курсының сертификаттары, цифрлық сауаттылық, психологиялық тренинг т.б.)  және әдістемелік қызмет атқарған құжаттарымды, бұрынғы жұмыс орнынан алынған пікірді көрсеттім.
Конкурстық комиссия мүшелері құжаттарымның сәйкестігін анықтап, қорытынды ұпай шығарды. Нәтижесінде 30,5 балл жинап, мектепке қабылдандым. 
Осылайша білім саласындағы автоматтандырылған жүйеде конкурстың өтуі,  ашықтықты жариялаудың әділ, таза өткендігінің айғағы деп білемін.

Ибрагим И.Ә.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив