Hr-process - бұл заман талабына сай мықты, білікті әрі білгір, нағыз өз ісінің мамандарын іріктейтін, 100% әділ жоба. » Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Hr-process - бұл заман талабына сай мықты, білікті әрі білгір, нағыз өз ісінің мамандарын іріктейтін, 100% әділ жоба.
30
тамыз
2022

Hr-process - бұл заман талабына сай мықты, білікті әрі білгір, нағыз өз ісінің мамандарын іріктейтін, 100% әділ жоба.

Мен Ниязметова Одила Рустамовна 2022 жыл 18 тамыз күні  Hr-process конкурстық комиссиясына қатысып өз қалауым және өтінішім бойынша Б.Садықов атындағы нөмірі 112 мектепке жұмысқа қабылдандым. Hr-process - бұл заман талабына сай мықты, білікті әрі білгір, нағыз өз ісінің мамандарын іріктейтін, 100% әділ жоба. Мен сол конкурстың жеңімпазы әрі жобаның шынайылығына куәгер ретінде бұл конкурста ешқандай жемқорлыққа жол берілмегенін 100% растаймын. Мен бакалаврді үздік дипломмен бітіргенмін,  болашақ магистрмін. Конкурсқа қатысу үшін өзім жайлы мәліметтерді толықтай жинақтап, электронды түрде жеке кабинетіме енгіздім: дипломым, өзім жайлы мәліметтер,  жеке құжаттарым, жетістіктерім, сертификаттарым, жүлделеріммен, ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелеріммен бөлістім. Бұлардың бәрі жұмысқа қабылдануыма ерекше септігін тигізді. Конкурста қорытынды бойынша жалпы 12 ұпай жинап жеңімпаз атандым. Мектептің директоры Турсынбаева Шакизат Тешебаевнаға  алғысым шексіз, ол кісі шынайы білімді кадрларды таңдады, білімді жастардың келешекте Қазақстанды өркендетуіне жол ашып берді. Осындай әділетті басшыларымыз көп болсын және осындай байқаулардың ғұмыры ұзақ болсын. Осының арқасында жастарымыз сапалы білім алуға тырысады және де болашақта мекемелерде тек қана өз ісінің мамандары жұмыс атқаратын болады деп нық сеніммен айта аламын.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив