19
қыркүйек
2022
№112 жалпы орта мектепте 19 қыркүйекте 11 сыныптың ата-аналары үшін жиналыс өтті.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектепте 19 қыркүйекте 11 сыныптың ата-аналары үшін жиналыс өтті. Жиналыста оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы туралы сөз қозғалды. Мектеп психологы ата-аналар үшін тренинг өткізді. Ондағы мақсат ата-ана мен баланы жақындастырып, мейірім шуағын себу. Кәсіби бағдар бойынша оқушылар қандай мамандыққа икемі бар екені анықталды. Мектеп директоры ҰБТ дайындықтың күшейтілгенін айтты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Юлдашева Зилола соңғы тапсырған тест бойынша сараптама жасап, қортындылады. Ата-аналар көкейлеріндегі сұрақты қойып, мектеп мұғалімдеріне, ұжымына ризашылығын білдірді.








