11
қазан
2022
ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЮ
ҚЫЗДЫ ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЮ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектепте “Қызды қырық үйден тыю” атты тақырыпта іс-шара өтті. Мұндай іс-шараға 5-11 сынып оқушылары, соның ішінде қыздар қауымы қатысты. Әйелдер кеңесінің төрайымы Толаметова Айшабуви, Нурметова Мехиржан қонақ болып қатысып, қыздармен өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Бұл іс–шараның мақсаты қазіргі таңдағы жастарымыз – қыз балаларының бойындағы мінез–құлық, жүріс-тұрыс, үлкендер алдында өз–өзін ұстауы, сөз сөйлеу мәнері секілді қыз балалардың бойында қазақы болмысымызға тән қасиеттердің болуын талдау–талқылау, имандылыққа баулу, жастардың өркениетті еліміздің даму талабына сай жан–жақты азамат болып қалыптасуына ықпал ету, ғылым–білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.



