14
қазан
2022
"МЫҢ ЖҮЙРІК" байқауының жеңімпазы
"МЫҢ ЖҮЙРІК"
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңЖарлығымен 2022 жыл - Балалар жылы болып белгіленуіне орай, этнос өкілдері балалары арасында өткізілетін қазақ тілін ілгерілетуге арналған "Мың жүйрік" ағартушылық жобасы болып өтті.Өтінімдерді 26 қыркүйек күні, сағат 9.00-де бастау алып, 10 қазан, сағат 21.00-ге дейін қабылданды. Жобаға Шымкент қаласы Б.Садықов атындағы N112 жалпы орта білім беретін мектебінен де біршама оқушылар қатысып ,өз бақтарын сынады.12 қазан күні жеңімпаздар анықталып , көп ішінен 3-"Б" сынып оқушысы Бердиниязов Асадбек алға озып,жеңімпаз атанды.14 қазан күні Қазақстан халқы ассамблеясында жүлдегерлерді марапаттау рәсімі болып, жеңімпазымыз Асадбек арнайы дипломға, әрі велосипедке ие болды. Сондай-ақ оны дайындаған мұғалімі Баубекова Шолпанға Шымкент қаласы басшылығының алғыс хаты табысталды.Жоба өте жоғары деңгейде өтті.





