16
қараша
2022
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен апталықтың ашылуы
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектепте 16 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен апталықтың ашылуына орай таңертеңгілік уақытта оқушылар мен мұғалімдерге арналған “Мақалды жалғастыр” ойыны ойнатылды. Мақалды жалғастырған оқушылар мен мұғалімдерге қазақтың ұлттық тағамы құрт берілді.
Оқушылар мақалды жалғастырып, құрт алып, сабақтарын көтеріңкі көңіл-күймен бастады.




