06
желтоқсан
2022
02 желтоқсанда қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен “А.Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы” атты тақырыппен өткен апталықтың жабылуы өтті.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта мектепте 02 желтоқсанда қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен “А.Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы” атты тақырыппен өткен апталықтың жабылуы өтті. Апталықта “Таңшолпан” театры “Ұлт ұстазы - А. Байтұрсыновтың” өмірінен үзінді көрсетті. Қырық мысал кітабындағы мысалдарды сахналады. Құлақтын құрышын қандырат әуезді ән тыңдалды, мың бұралған бишілер биледі, жүрекке жетер поэзия оқылды. Апталықты қорытындылап, мектеп директоры Шакизат Тешебаевна сөз алды.Кеш соңында апталыққа қатысқан оқушылар мараппаталды.










