21
желтоқсан
2022
АЙБЫНДЫ ЖАСТАР-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
АЙБЫНДЫ ЖАСТАР-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы және Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлескен апталық іс-шара барысында Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 112 жылдығына арналған "Жас Сарбаз" сыныптары арасында патриоттық, апталық іс-шараның 1 (бірінші) күнінің ЭССЕ байқауы білім басқармасына қарасты Ақселеу Сейдімбек атындағы √80 ІТ мектеп-лицейінің базасында өткізілді. Бұл байқауға Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектептің атынан 7 “А”сынып оқушысы Шамухсулова Мухлиса қатысып, эссе байқауының жеңімпазы атанып, II дәрежелі дипломға ие болды.
Жетекшісі АӘжТД пәні мұғалімі Х.Турдиматов





