01
ақпан
2023
"Мектепте сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру" тақырыбындағы 3 академиялық сағат көлеміндегі оқыту семинары өтті
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 1 ақпан күні барша мектеп мұғалімдері "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған "Мектепте сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру" тақырыбындағы 3 академиялық сағат көлеміндегі оқыту семинарына қатысты.Семинарды ПШО тренері Матаева Сауле Романовна жүргізді.Мектебіздің ұстаздары бүгінгі күн арқылы өз білімдерін одан әрі толықтыра түсті.








