09
ақпан
2023
"Мен жақсы оқығым келеді"
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Б.Садықов атындағы №112 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 9 ақпан күні ДОІЖО Дилдора Исмаилованың ұйымдастыруымен 4 -"Б" сыныбында "Мен жақсы оқығым келеді" тақырыбында Lesson study қорытынды сабағы өткізілді. Сабақ барысында шәкірттерге : Сабақтың ең тиімді болған тұсы?,Сабақ уақытында сіздерге кедергі келтіретін дүниелер бар ма?,Бар болса қандай ?,Топтық жұмыстың сізге тигізер пайдасы ?,деген сынды сұрақтар қойылды.Осы сұрақтарға жауап алу арқылы ұстаздарымыз сабақты одан әрі пайдалы әрі қызықты етіп өткізу үшін алдағы уақыттарда жұмыс жасайтын болады.Сонымен қатар сабақ ортасында оқушыларымыз "Сабақтағы кедергілерді жою" атты постерлерін қорғады әрі ең тиімді тәсілін де атап өтті.Сондай-ақ Дилдора Исмаилова тапсырмалардан соң оқушылардың ұйымшылдықтарын арттыру, қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында түрлі ойындар ойнатты. Сабақ соңында шәкірттеріміз өздерінің ізгі тілектерін білдіріп,мұғалімдерге алғыс айтып,өз ризашылықтарын білдірді.Әрмен қарай сабақтардың дәл осылай жалғасуын қалайтындықтарын жеткізді.










